Арнайы білім беру ұйымдары арасында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің үздік маманы», «Оңалту орталығының, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің, Аутизм орталығының үздік педагогі», «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» конкурстарының облыстық кезеңі өтті.
Химия, биология және физика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Химия, биология және физика сабақтарында STEM технологиясын қолдану әдістері» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
География пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Кербұлақ ауданының киелі орындары мен өнеркәсіп орындарына далалық зерттеу әдістерін жүргізу» тақырыбында облыстық далалық семинар өткізілді.
Педагогтердің кәсіби қызметінде «Lesson study» тәсілін қолдану бойынша диалог алаңын құру мақсатында Талдықорған қаласы, №29 орта мектеп-лицейінің базасында «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектептердің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
«Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен «География» оқулығының авторларымен кездесу өтіп, аталған шараға 70-тен аса облыс педагогтері қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері «Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылына арналған орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 3-сыныбына арналған «Орыс тілі» оқулығының авторларымен өткен онлайн кездесуге қатысты. Шара барысында мұғалімдер баспа платформасындағы оқулықтың электронды нұсқасымен танысты.
«Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен «Сандық сауаттылық», «Информатика» оқулықтарының авторларымен кездесу өтіп, аталған шараға 100-ден аса облыс педагогтері қатысты.
География пәнін оқытуда электронды білім беру ресурстарын қолданудың тиімді әдістерін ұсыну мақсатында «География пәнін оқытуда электронды білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Биология пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді. Шара барысында «Молекулалық биология мен биохимия» және «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрлымы мен қызметтері. Ағза мен қоршаған орта» тақырыптарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмаларын құру тәсілдері ұсынылды.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласының мектеп директорларына, пән мұғалімдеріне «BilimLand» компаниясымен бірлескен «Onlinemektep.org» платформасы бойынша тренинг өтіп, аталған шараға 200-ден аса облыс педагогтері қатысты.